25.03.2022
  136


Автор: Тортай Сәдуақас

РЕСЕЙ – ОТАНЫМ

Москва маңы сая бақ,
Желегі жұпар желпіген.
Табиғат сүйіп, аялап,
Жадырап жаным серпілем.
Алыстан таң да алаулап,
Лапылдар күзгі оттайын.
Сол кезде маған аяулы,
Сыбырлап айтар ақ қайың:
Ресей, Ресей, Аяулы еркін елім,
Ресей, Ресей, Ресей – Отаным менің.
Айдынын кешсем Волганың,
Сімірем салқын самалын.
Соңымнан жүзіп ол-дағы,
Жағадан кетпес жанарым.
Қолымды мен де бұлғаймын,
Қапталдап ол да қалмайды,
Ырғалып кешке нұрлы айдын,
Сол әнді біреу жалғайды:
Ресей, Ресей, Аяулы еркін елім,
Ресей, Ресей, Ресей – Отаным менің.
 Астана қалып соңымда,
Жүйткісе поезд қиырға әр;
Егінжай шұлғып жолымда,
Жұлдыздар таңғы жымыңдар.
Үн қосқан саған түлекпін,
Россия, ғажап өңірім,
Қараймын, тыңдап жүрекпен,
Ой салып сыршыл көңілім:
Ресей, Ресей, Аяулы еркін елім,
Ресей, Ресей, Ресей – Отаным менің.





Пікір жазу