25.03.2022
151
![](/uploads/shorttexts/author_image/2022-03-18-19-43-03.png)
ҚАС-ҚАҒЫМ СӘТ
Жо-жоқ, Қарттық қайда?
Даңқ та емес керегі,
Ғасырымды ғұмырлы етсем деп едім.
Анау орға, – қарға адым сәт, қас-қағым,
Аман жетсем, керегі жоқ басқаның.
Бұлтсыз шілде таңында көк бояулы,
Құшып жатып қара жерді аяулы;
Көз алдымда жарқ ете қап бір ұшқын,
Көкке ұшқанын көрсем-ау көк құрыштың.
Гранатпен қақ маңдайдан қатты ұрып,
Үлгерер ме ем, жау ініне лақтырып.
Жүрегім де шалқытты бір ыза отын,
Қақыратсам қарғыс атқан дзотын.
Тып-типыл боп тынса жаудың тозағы,
Көкорайға қонса сосын тозаңы.
...Қас-қағым сәт, жетсем анау орға есен,
Содан кейін мен мәңгілік өлмес ем.