25.03.2022
142
СОҢҒЫ СӨЗ
Қандай азап, көз жұмылу тегінде,
Кең тынысты демім бітпек менің де!
Қалай кетем ішінен бұл ортаның,
Одан емес – қоштасудан қорқамын.
Жеңіл өмір сүрсем жігер танытпай,
Қара жер де тимес маған мамықтай.
Махаббатын сақтай алмай ешкімнің,
Басқаның да қайғы-мұңын кеш білдім.
Аяқталмай қалып жатыр жолдарым,
Бір-ақ білдім, күздің де ерте болғанын.
Жапырақтар ұшып жатыр бұрқырап,
Ұшқаның не, есер жел жүр жұлқылап.
Жоғалтқаның көріне ме басқаға,
Шаттық өзі келер жата-жастана;
Кінәмді ұқтым, өзгенің де, өзімнің,
Борышымды бұрынғыдай сезіндім.
Қажыдым ба,
Қалай енді төземін.
Өкініш пен өртке толы өзегім.
Қайран жүрек тыпыршиды кеудеде,
Кеш қой енді,
Сабақ болар деуге де...