25.03.2022
  145


Автор: Тортай Сәдуақас

ҚОР ЖИЯМЫЗ ШУАҚТАН

Федор Абрамовқа
Ғажайыптардың елінде,
Болсам ба деген арман бар.
Менің де туған жерімде,
Қаптаған: Таулар, Ормандар.
Көлдер бар, қатқан кемері,
Аумаған аққу қанатты.
Оңтүстік жері дер едің,
Тундра – аппақ алапты.
Тынбаған дауыл заржағы,
Омбы қар байтақ жер үсті;
Оңтүстік полюс аржағы,
Бержағы – Архангельскі.
Полярлық белдеу ақтүтек,
Қатыгез өңір – қар, ызғар.
Ауыздан ақ май ақты деп,
Айтады сирек аңыздар.
Шарқ ұрған теңіз алыбың,
Байлығы шалқып жатса да;
Бәрібір алтын балығың,
Ұстатпайды екен, патшағар.
Апельсин мен алманы,
Көрмейсің мұнда бақшада.
Не заман, ұмыт болғалы,
Ұсақталмайтын ақша да.
Жабысар қолға қолғап та,
Сақылдап аяз, үскірік.
Сүйрейді жүгін жолда аппақ,
Бұғылар, аттар пысқырып.
 Шыңылтыр, нәзік даңқы бар,
Мәңгілік қатар тоң ғана.
Мұндағы жайсаң халқыма,
Сүйкімді бұл жер сонда да.
Қыс түні кеткен ұсқыны,
Сонда да жылы ұямыз.
Таусылмас табы, ыстығы,
Жаз бойы шуақ жиямыз.
1963-1964





Пікір жазу