25.03.2022
  123


Автор: Абдрахман Асылбек

Жұмбақ күшік

Көзін ашып алды да,
Қарады Алдан алдына.
Бір шалшыққа құлапты,
Ұзынынан сұлапты.
Етпетінен түсіпті,
Жарқырата құсыпты.
Жалап жатқан құсықты
Көрді-дағы Күшікті,
Өткен істі бастағы
Есіне ала бастады:
«Айлық алған күн еді,
Қасымдағы кім еді?
Әлгі... әлгі... жықпыл бет,
Жылмаңдаған Жұтқынбек.
Асханаға барғанбыз,
Керегінше алғанбыз.
Арақ іштім – құсыппын,
Шарап іштім – құсыппын.
Үйрек жедім – құсыппын,
Бүйрек жедім – құсыппын.
Ал мына бір Күшікті,
Күшік емес – түсікті
Жеген едім несіне?
Түспей-ақ тұр есіме.
Әлде осы Күшікпен
Кеше бірге ішіп пе ем?»...
Алдан отыр қайран боп,
Ақылы дал айран боп.





Пікір жазу