25.03.2022
113
![](/uploads/shorttexts/author_image/image[2].jpg)
Кесіртке мен жемқор
Кесіртке мен Жемқор ісі барабар,
Екеуі де құрбандыққа бара алар:
Қолға түссе,
Бірі тастап құйрығын,
Екіншісі аямайды «сыйлығын»,
Кесірткенің құйрық тастар себебі –
Құйрығының өсеріне сенеді.
Пара беріп құтыла сап Жемқорың,
Қайта түзеп ала қояр жел-қомын.