25.03.2022
  145


Автор: Абдрахман Асылбек

Үретін ит пен күлетін ит

Айналып зәулім қақпаны,
Қаужайтын бір зат тапқалы,
Табандарынан сыз өтіп,
Жүр еді екі ит күзетіп.
Бір бұрышта қақтығысып қалды,
Жөн сүрасып, аптығысып қалды:
– Өй, сен қай итсің?
– Үретін итпін. Өзің қай итсің?
– Күлетін итпін.
– Апырай, ә, расың ба?
– Қожаңмен бір тұрасың ба?
– Тап солай,
Жөніңді айт қақсамай!
– Ал, мен иттігімді сақтаймын деп,
Үріп тыным таппаймын деп,
Қожайыныма жағамын ден,
Көрінгенді қабамын деп,
Шабаландым, арпылдадым,
Ешкімнен де тартынбадым.
Қожам содан айдап жіберді,
Құйрығыма шала байлап жіберді.
Далаға кетіп үргенім,
Далақтап мынау жүргенім.
– Ақымақсың! – деді күлетін ит,
Көп қулықты білетін ит, –
Адам бізді асырайды,
Біздер оған басыбайлы.
Қожайынға жағуың керек,
Қас-қабағын бағуың керек,
Алдын орап жүруің керек.
Ыржалақтап күлуің керек.
Дұшпандарын білуің керек,
Соған ғана үруің керек,
Сеніміне кіруің керек,
Сөйтіп өмір сүруің керек.


 





Пікір жазу