25.03.2022
  140


Автор: Абдрахман Асылбек

Күріш пен күрмек

Жайқалып күріш тұрды,
Береке, ырыс тұрды.
Қасында Күрмек тұрды,
Күрішті күндеп тұрды:
«Күрішті ел құрметтейді,
Мені тек Күрмек дейді.
Бірге өсіп, бір тұрамыз,
Қатарлас құлпырамыз.
Артық па Күріш менен?
Осы да дұрыс па екен?»
Күріштің арқасында,
Қауқиып қалқасында,
Су ішіп өсетінін,
Бекерге бөсетінін
Күрмектер біле ме екен?
Білсе, өстіп күле ме екен?





Пікір жазу