25.03.2022
  126


Автор: Абдрахман Асылбек

Борсық пен торсық

Тырбанып күн, түн қазып,
Бітті Борсық ін қазып.
Қыстығына жететін
Үңгірінде тұрды азық.
Тал басында боршып құр,
Тұрған еді Торсық бір:
– Сонша неге қиналдың? –
Деді өзінше зорсып бұл.
Борсық күлді мастана:
– Басымда бар баспана.
Әлі-ақ суық түскенде,
Боларсың сен масқара.
Торсық сыры мәлім-ді,
Керней берді қарынды.
Ақырында аязда
Тарс етті де жарылды.


 





Пікір жазу