25.03.2022
  100


Автор: Абдрахман Асылбек

Домкраттың мұңы

Көріп қалып Ісмерді,
Домкрат шын тістенді: –
Шар болаттан істелдім,
Бойыма зор күш бердің.
Үйреншікті міндетім –
Көтеретін күнбе-күн
Машина ауыр жүк емес,
Трактор да түк емес.
Қожайыным алайда,
Қуатыма қарай ма?
Жаңа іс жүктеп табанда,
Салып қойды Адамға.
Жетесізді жетелеп,
Қауқарсызды «көкелеп»,
Қайран күшім қор болды,
Тамыр-таныстық сор болды...





Пікір жазу