24.03.2022
  118


Автор: Абдрахман Асылбек

Дәніккен Данай

Данай шикізат дайындайтын,
Еш нәрседен де тайынбайтын.
Түйені түгімен,
Биені бүгімен
Жұта беретін,
Жұта беретін.
Яғни, былай болатын:
Өз ісіне құдай болатын:
Елден тері-терсек, жүн-жұрқа жинайтын,
«Жұмыртқадан жүн қырқа» жинайтын.
Тайлақтікі деп түйе терісін,
Тайдікі деп бие терісін,
Қой терісін қояндікімен бағалайтын,
Қояндікін көр тышқанмен шамалайтын.
Данай сөйтіп құнықты,
Қауіп барын ұмытты.
Жабағы деп түбітті,
Жабағыдан үрікті...
Сондай маман «білікті»,
Бірде торға ілікті.
Істі болып, мұң құшты,
Жабағы жеп, жүн құсты.


 





Пікір жазу