24.03.2022
  115


Автор: Абдрахман Асылбек

Сырбаз сатушы

Артық екен айласы –
Айран сатты қаймақ деп.
Одан түскен пайдасы
Шыға келді тайлақ боп.
Тексеруші келгенде,
Жіберді аузын майлап кеп.
Қайтып кетті ол демде:
«Қылмысы жоқ айғақ», – деп.





Пікір жазу