24.03.2022
  142


Автор: Абдрахман Асылбек

Мақтау мен даттау

1
Кейбір жеңгей желігіп,
Елден ерек ерігіп,
Жайға карап жатпайды,
Күйеулерін даттайды:
«Менің байым бай емес,
Бұл жүрісі жай емес.
Күні-түні ішеді,
Беті, қолы іседі.
Әкелмейді көк тиын,
Үйде бүтін жоқ бұйым.
Келтіріңіз жөнге», – деп,
Моншақ жасы дөңгелеп,
Арыз айтып зарлайды,
Кеңселерді шарлайды.

2
Кейбір жеңгей мінезі?..
Дүниеқор тым өзі.
Күйеуі боп тісқаққан,
Пайда тауып пұшпақтан,
Бұрқыратып ақшаны,
Тағы-тағы басқаны
Әкеп жатса үйіне,
Бұл ісіне сүйіне:
«Менің байым намысты ер,
Елден ерек табыскер», –
Деп күйеуін мақтанды,
Айыбын да ақтайды.
«Қазынаны ұрлап жүр», –
Деп ешқайсысы айтпайды.





Пікір жазу