24.03.2022
115
Келесі күні
Қияметпен барабар ішкен күнім,
Ішкен күнім – ит тірлік,
Түскен құным.
Отырамын мең-зең боп,
Істерімнің
Түсіре алмай есіме үштен бірін.
Отырамын мең-зең боп басым қатып,
Бойға сіңбей зәредей асым батып.
Бара жатар дүние шыр айналып,
Қалмағандай сүйенер қасымда түк.
Күйім менің күй емес күй секілді,
Миым менің ми емес ми секілді.
Қорадағы шашылған қи секілді,
Ішім түгел жидіген ій секілді.
Қатынымды қыштаймын –
Көндіремін,
Тағы да бір жартыны өндіремін.
Сөйтіп барып күйімді келтіремін,
Күнде осылай өзімді өлтіремін.