24.03.2022
  114


Автор: Абдрахман Асылбек

Қиын түйін

Салып жатыр үйлерді,
Салып жатыр,
Ебі барлар пәтерді алып жатыр.
Амалым жоқ, айлам жоқ,
Ағайын жоқ –
Біздің кезек кейінге қалып жатыр.
Бастық үйді бөлісті аласұра:
Үш бөлмені бекітті баласына.
Құр қалған жоқ мұндай сый-сияпаттан
Құда, күйеу, қайнаға, нағашы да.
Басшы мені жұбатты:
– Жассың әлі,
Сабыр сақта,
Күте тұр,
Аз шыдағын.
Қысты өткерсең болғаны,
Балаларың
Ойнап кетер томпаңдап жаз шыға әлі.
Осылайша қыс пен жаз алмасады,
Үзілмейді үмітім –
Жалғасады.
Үйге келсем:
– Үйіңмен құрып кет! – деп,
Жарым бірден жағама жармасады.





Пікір жазу