meta charset="utf-8"> Қазақша портал

  24.03.2022
  187


Автор: Тортай Сәдуақас

Жапалақтап қар....

Жапалақтап қар жауыпты түнімен,
Сонар болып түскен іздер тізбегі.
Адам екен – көріп тұрмын мұны мен,
Сайрап жатыр салып кеткен іздері.
Одан бірақ үміт, қайыр бар қандай,
Жер бетінде із аз ба еді тізілген?
Күн райы да күрт жылынып қалғандай,
Жүріп едім сенің жүрген ізіңмен...





Пікір жазу