24.03.2022
  244


Автор: Тортай Сәдуақас

Алғашқы қар!

Алғашқы қар!
Қызығына қарап бақ,
Себезгілеп сәуле шашқан, –
Қар аппақ!..
Жыр жолындай қарауытқан қара орман, –
Жыр дәптерін жатқандай қыс парақтап...
Қарағайлар иықтарын қомданып,
Қайқаң етіп қаламдарын қолға алып;
Тапсырғандай өмір өзі жырла деп,
Қас қағым сәт қалған сынды толғанып...





Пікір жазу