meta charset="utf-8"> Қазақша портал

  24.03.2022
  176


Автор: Тортай Сәдуақас

ЭТЮДТЕР

 Елек алып шаруа баққан түн тағы, –
Елегені жұлдыздардың ұнтағы.
Ай алтындай жарқ еткен сол шақ қандай,
Сусып түсіп тұңғиыққа батқандай.
Тамған шықтың сыңғыры қап құлақта,
Күміс сырға таққан сынды құрақ та;
Табиғаттың мәңгілік бұл сағатын, –
Біз өзіміз бұрайтын да бағатын.
 





Пікір жазу