24.03.2022
136
ТУҒАН ЖЕРГЕ
Қашан болсын қоштаса алман жай ғана:
Жырақ кетсем, сағынармын ес қалмай.
Ораламын – сапар шексем қайда да,
Білмеймін мен басқа жолды ешқандай.
Қашан болсын қоштаса алман жай ғана:
Кекшіл емен кекірейе қалатын.
Ораламын – сапар шексем қайда да,
Сын сағатта сынса-дағы қанатым.
Қашан болсын қоштаса алман жай ғана:
Жүрегім де, тілегім де бір сенде.
Ораламын – сапар шексем қайда да,
Өзің мені шақырмай-ақ жүрсең де.
Қашан болсын қоштаса алман жай ғана:
Жан сырымды жүздесуге сақтап ем.
Ораламын – сапар шексем қайда да,
Бәрін айтсам – тіл жетпейді әттеген!