24.03.2022
  117


Автор: Тортай Сәдуақас

ПАРАҚТА БЕТТІ ҚАЙТАДАН

...Көкті кезген олардың да көп қамы,
Вокзалдағы қарбалас, шу жоқ тағы.
Көлденеңдеп жатқан мынау торап та,
Салып қойған сияқты жол соқпағы.
Қарап тұрсаң жырақ та емес, шалғай тым,
Әдеттегі емін-еркін шарлайтын,
Тиіп тұрған жер емес пе, тәйірі,
Электричка зыр еткізіп жалғайтын.
Десек-тағы шексіз Ресей жолдары,
Мың шақырым, сөз бе екен сол-дағы!
Аспанға жол салу жеңіл тиген жоқ,
Тұңғыш қадам – ең қиямет болғаны.
Долбарың да, оқ жонуың алғашқы,
Ойын емес, ойыңа ізгі жалғасты.
Қылдырықтай көкте жүзген кемелер,
Көңілді арбап, көзден таса қалмас-ты.
Жер тектес қой, жерден тегі таралған,
(Кемелер де түске енеді әр алуан!)
Кіндігіндей ал радиобайланыс, –
Жер – анадан нәр алған.





Пікір жазу