24.03.2022
124
ЖӘЙ ӘНШЕЙІН
«Бұл оп-оңай!» дейді адамдар сұраған,
Сонысына түсінбеймін бірақ та.
«Жәй әншейін!» дейді неге бұл адам,
ең күрделі сұраққа?!
Бір тылсым сыр бар ма сөзде расында,
Шынымен-ақ, әлде бәрі оңай ма?
Біз кездейсоқ кездестік те басында,
Ал, сонан соң – жәй әншейін... солай ма?!
Шатастым ба деген де ойға келемін,
Әлде жаппай айналдырдық шиырға? –
Шым-шытырық болып оңай дегенің,
Керісінше болып кетті қиын да!
Бұл дүние түлеп қайта өзгерді...
Дуалы ауыз ұмыт қылды неге енді:
Шығарса да естен шерлі сөздерді,
Неге айтады «жәй әншейін» дегенді?
Таныс көше баяғыдай көрініп,
Естіледі сөзің «қош бол» деген бұл...
Ойламаған жерден жатпай бөлініп,
Көрсем деймін жырақ кетіп сенен бір.