24.03.2022
  88


Автор: Тортай Сәдуақас

Шыршалардың алақаны....

Шыршалардың алақаны толы қар, –
Алқап кезген ақ мамыққа жолығар.
 Дауыстасаң – желден бетер долығар.
Шүпір-шүпір сауылдайды төменге,
Етегінде шаңғының із-жолы бар.
Арбасқандай, қар басқандай табанда, –
Үзеді ғой – із еді ғой көне, ескі...
Жолыққалы келемін бір адамға,
Тек өзі жоқ – елесі бар көмескі...
Күтті-күтті,
Кетті, күдер үзбеді,
Қалды мұнда көңілі оның жаураған.
Асықтырып алып келген іздері,
Адастырып кетті неге қайрадан?..





Пікір жазу