meta charset="utf-8"> Қазақша портал

  24.03.2022
  148


Автор: Тортай Сәдуақас

БАЛ АШУ

Боласың деген бақытты,
Бал ашқан кезде біздерге.
Айтпады неге ай-күнін,
Айнымай үміт үзбеуге.
Күтумен енді күн өтпес:
Тыншу жоқ тіпті жас жанға,
Телмірдік үнсіз аспанға, –
Туар деп жұлдыз тілектес.
Боласың деген бақытты,
Бал ашқан кезде біздерге.
Айтпады неге айқындап,
Айнымай бірге іздеуге.
Ешкім жоқ бізді елеген,
Телміре қарап аспанға,
Таң да атып сәуле шашқанда, –
Болмады жұлдыз жебеген.
Боласың деген бақытты,
Бал ашқан кезде біздерге.
Айтпады неге айқындап,
Адаспай қайдан іздеуге.
Серуенге шықтық асығып,
Серуеннен қайттық сақсынып...
Шалшықта жаңбыр, тамшы ұрып,
Жұлдыздар жатты шашылып...





Пікір жазу