24.03.2022
  103


Автор: Тортай Сәдуақас

КАМПАНЕЛЛА

Ең бақытты жандарға арнап жарықтық
Күн қаласын салып кеткен жарық қып;
Өзі сонда өмір сүріп тұрғандай,
Бар жағдайын ойластырған бұл қандай.
Жер бетіне дән сеуіпті басында, –
Орақ жайын жүктеп келер ғасырға,
Талай мың жыл құрып кетпей, бүлінбей,
Жетеріне сенген және түңілмей.
Толып, пісіп сонша жылдың шебінде,
Жетсін деген дәуіріме менің де.
Атам басқа болып мен де мұрагер,
Жатырқау жоқ, жақын тартып тұрар ел,
Ұқсын деген сөздің мәнін ардақтап,
Көрсін деген оны өмірмен салмақтап.





Пікір жазу