24.03.2022
  103


Автор: Тортай Сәдуақас

НАЗАР САЛУ

Вагонға еніп, назар салдым маңыма,
Көпті аралап кете барды ол баяғы.
Қайта менің оралмады жаныма,
Орын таппай саялы.
Әдеп бақпай, әлде кімге ұрынды, –
Бір қызға кеп бұрылды!
Жөн болғанда жұлқымады қолымен,
Үйірсектеп әлгі қыздың қасына...
Шырмауыққа енген құстай сонымен
шырмалды оның шашына.
Түсіп қалдым, бірақ та
Кете барды ол жыраққа.
Кете берді солай әлгі зейін де,
Сапар шегіп жиырма жылдай кейінге.





Пікір жазу