24.03.2022
257
ДЖАКОНДА
Рақым етіп – Кербездене иіліп,
Періште тұр – көрік қандай, көз қандай:
Күлкі үйірмей қуланбай-ақ қиылып,
Тіл қатады тұрған бойы қозғалмай:
– Сен бе іздеген? – Мен едім!
Ажарыңыз айдай сұлу керемет!
Ол да айтады керегін:
Сенбеймін ғой бос сөзіңе не керек;
Жапырақтай жел ұшырған талғамай,
Әлде аузыңнан шығып кетті аңдамай?!
– Сен қаласаң, Секірейін көпірден!
– Суға кетіп сандалтқан не күйігің?
– Сен көрсін деп секірем,
Маған енді бұйым емес биігің.
Қанаттандым, қуат алдым өзіме.
Құп аламын не десең де сен егер.
Не бұйырсаң құлдық ұрам сөзіңе,
Өл десең ғой өлер едім, сене бер!
– Өле ғой, ал, рас болса дегенің...
Әрине, мен өмір сүріп келемін.
Ақ жүзіне алған күлкі үйіріп,
Суреттегі қарайды ару қиылып.