24.03.2022
  144


Автор: Тортай Сәдуақас

ҚУАНЫШ ПЕН ҚАЙҒЫ ТУРАЛЫ ХИКАЯ

Екі көрші қатар тұрды ғажабы:
Бірінде – той, екіншісі – қазалы.
Мынау үйде жылап-сықтау азалы,
Көршісінің қызған сауық-базары...
Табытқа сап жатыр мұнда марқұмды,
Жастарға онда сый-сияпат тартылды.
Баяғы жол – марқұмға да, тіріге,
Баяғы поп – дұға оқыған күніге.
Шіркеу жақтан бірге қайтар барлығы:
Қызып алған – тойдағы да, қайғылы...
Ертегі емес, мысал бұл, дос, тегінде,
Қатар жүрер куанышың, шерің де,
Түбінде бір қосылатын жерің де.





Пікір жазу