24.03.2022
  100


Автор: Тортай Сәдуақас

РАҚЫМ ТУРАЛЫ ХИКИЯ

Аш төбет кетті адасып ақ боранда,
Азабы аязыңның батты одан да.
Тентіреп тамақ іздеп көше кезді,
Табылмай жылы үйшік, ат қораң да.
Бірақ та мейірбанды табылды адам,
Берді орын өзі жатқан қабырғадан.
Өзі не ішсе соны бөліп беріп,
Күтті оны қонағындай қабылдаған.
Иесі баста солай тамақ беріп,
Келе-келе семірді ит, санатқа еніп.
Ырылдап иесіне шапты ақыры,
Тап-тап беріп, талайды талап келіп.
Ұқсайды кейде соған адамдар да,
Жақсылықты білмеген, амал бар ма?
Бауырым, жөн көрсеткен жолдасыңды,
Кетесің желдей есіп жамандарда!





Пікір жазу