24.03.2022
  142


Автор: Тортай Сәдуақас

НАНЫМ-СЕНІМ ТУРАЛЫ ХИКАЯ

Цейлонда күннен нұр алып, Жалғанда жалғыз жасаған;
Кипарис өскен бір алып, Ғасырлар кейпін қашаған.
Суарып оның тамырын, Ағады бұлақ қасынан.
Жапырақ түсіп әлі күн, – Көрмеген дейді басынан.
Киелі дейді соншалық, Жапырақ бір тал құлаған, –
Кім жұтса оны тамсанып, – Мәңгі өмір сүрмек бұл адам!..
Кипарис будда дінінде Киелі, қымбат мұра шын:
Ежелден, жалғыз бүгін бе, Арнаған бәйіт-дұғасын.
«Көз құртын» бәрі бақылап, Таспиғы тартқан қолында:
Түсер деп шипа жапырақ, Күтуде діндар, момын да.
Көз жұмған талай кезбелер, Сол жерден күтіп мәңгі өмір.
Күтеді және өзгелер, Қанағат таппай қам көңіл.
Күтеді әлгі жапырақ, Үзілер емес бірақ та:
Бірі – өліп, бірі – бақылап, Жетем деп ел жүр мұратқа!..





Пікір жазу