24.03.2022
  190


Автор: Тортай Сәдуақас

АШТЫҚҚЫ ҚАРСЫ ЖАРЛЫҚ

Парсының байтақ жерінде, Дәулетті небір қаланың;
Жайлаған аштық елінде, – Қынадай қырды адамын.
Қарс жауып патша қабағын, Шақырды шонжар, бектерін:
“Табыңдар басқа амалын, Халыққа тисін септерің!..”
Билеген әрбір алапты, Әкімнің атап барлығын;
Суыт бір хабар таратты, Жария етіп жарлығын!
“Жаттасын осы жарлықты, Жадына тоқып әр адам:
Аштық пен көріп тарлықты, – Мерт болса бір жан қарадан;
Рақым жоқ ондай әкімге, Қашса да қайда табамын!
Түк бермей ондай кәпірге, – Зынданға, – депті, – саламын!”
Бергенде патша жарлығын, Қат еді, қымбат нан да әлі:
Оңалды күйі жарлының, Байлар да жұтап қалмады...





Пікір жазу