24.03.2022
  166


Автор: Тортай Сәдуақас

АҚСАҚАЛҒА

Бауырым, Русьті сүйдің сен,
Сүймеген оны – мен жасық?!
Шын сүйген сенсің, бауырым,
Мен жүрмін – текке жер басып?
Бауырым, Русьті сүйдің сен,
Сүйесің май мен наныңдай, –
Мен болсам ұйқы жеңбеске, –
Күні-түн «үрем» жаңылмай.
Бауырым, Русьті сүйдің сен,
Сырадай дәмді, «тәп-тәтті», –
Сүймеген мен ғой – орақшы, –
Аңызда сүймес аптапты.
Бауырым, Русьті сүйдің сен, –
Көркіне сырттай ырзасың, –
Сүймейтін мен ғой, құлдардай,
Жек көрген озбыр мырзасын.
Сен болсаң шындап сүйем деп,
Жүзіңді жұрттан жасырдың;
Менікі – ауыр еңбек қой, –
Асқынған дерті ғасырдың.
Сүйдің сен оның, өссін деп,
Үстемдігі мен байлығын;
Езгіге салған сол мені, –
Ежелден көзі қайғының.
Сен болсаң Русьті сүйесің,
Дарақы құрмет, даңқ үшін;
Русь жатыр – қаусап, қансырап,
Тағдырдың көріп талқысын.
Бауырым, Русьті сүйдің сен,
Олжаға белден батырған;
 Сүймейтін мен ғой,
Руське айтар, –
Шексіз көп махаббатымнан!





Пікір жазу