24.03.2022
136
Европа елдерінің...
Европа елдерінің ішінде,
Сасық томар секілді бір мүк басқан;
Австрия – нақ қанаушы пішінде, –
Тоқырау мен топастығы жұптасқан.
Қайда барсаң – зар илеуі халықтың,
Бодан жұрттың таспа тілген жонынан.
«Мәдениет!» деп тонап елді жарыттың,
«Бостандық!» деп еркін алдың қолынан.
Ұрмай-соқпай, айдамай-ақ Сібірге,
Қанын сордың елдің осы түріңде,
Сасық қордаң жанымызды улаған.
Сұмдығың көп, салтыңнан жұрт шошыған,
Тірі жүрміз, ізгі ойлар тек қураған, –
Қайда қашып құтыламыз осыдан?!.