24.03.2022
118
Ән де тынды....
Ән де тынды, қанат қақпай биікке, –
Ерікті құс самғау үшін жаралған;
Торға түсіп торыққан ол күйікте,
Адамдар да тар қапаста қамалған.
Қай түріңмен ән саларсың ол жайлы, –
Тіміскілер қарауылшы суық қол;
Ақтармаған қойны-қоншың болмайды,
Ол пысықтың жанына тек жуып көр.
Қағаз, қалам, шырпа, шылым – осылар,
Әкімшінің іздеп таппақ амалы, –
Тапталса арың – әнің шалқып туа ма?
Ұясынан безіп бұлбұл шошынар:
Балапаны тірі жетім қалады,
Сұғанақтар қолын сұқса ұяға...