24.03.2022
136
Өтті ме ол кез?
Өтті ме ол кез?
Шығар ма естен бірақ та?!
Каракозов, Пестель, Соня мерт болған;
Кісен үні келмей ме әлде құлаққа,
Достоевский, Тарасқа азап, дерт болған?..
Шыбыртқысы оспай ма әлде дүренің?
Түрмеге айдап қайнатпай ма сорыңды?
Зеңбіректен шошынбай ма жүрегің,
Әлде аштық жалмап қойды соныңды?
Жуас, көнбіс, жасықпысың өздерің!
Айуан деген адамға қас, төзбегін.
Түнек басып, жаяды сұм уын бар!
«Біз, құрбандар, сіздерге үндеп бейіттен:
Шыңдалыңдар, – дейміз, – қайсар кейіппен!
Айқасыңдар, азғындарды қуыңдар!..»