24.03.2022
  151


Автор: Тортай Сәдуақас

Ерте тұрып....

Ерте тұрып, бет шаямын күнде мен,
Тез киініп, төсек жию – ғұрып боп;
 Камераны ысып шығып құмменен,
Бой жазамыз әрлі-берлі жүріп тек...
Тірлік үшін жетеді алты қадам да...
Бас айналмау үшін тапқан айламыз.
Жүрер жер жоқ – үшінші бір адамға:
Екеу болып бой жазсақ та пайдамыз.
Есте, бірде Борислав маңында,
Екі бірдей жұмысшыны көмдірді, –
Ескі қоршау – екеуінің тамында...
Тар ауада түтін мен бу қалқыған...
Түрме ақыры осы халге көндірді,
Көк түтін мен көктің исі аңқыған...





Пікір жазу