24.03.2022
  121


Автор: Тортай Сәдуақас

Ертеректе

Ертеректе, Мырзаның бір үйінде,
Жастық шақта жалын атқан, думанды,
Сыр ақтарып «Не істеу керек?» туралы, –
Әңгіме боп, келе алмадық түйінге...
Үйдегілер мүсіркеуді білместен,
Мінеп бақты теңдікті айтқан кезімде:
«Ортақ еңбек! Пәлі, онда өзің де, –
Ор тазалап, шұқыр қазып жүрмес пе ең!»
Мақұрым қап бикештер бұл жайында,
Шешкен оны – Австрия іргеде,
Амал қанша! «Былғанышты» түрмеде!..
Мебелің де, «түбегің» де жаныңда:
Сыпырып ап қоқысынды жай ғана, –
Сыртқа атасың, тыңайсын деп айнала!..





Пікір жазу