24.03.2022
  151


Автор: Тортай Сәдуақас

«ТҮРМЕ СОНЕТТЕРІ» ЦИКЛЫНАН

Осы үйде ғой шер торлаған жүректі,
Жайған ұя індет, қайғы, қысымды;
Кірген пенде, жасыр тырнақ, тісіңді,
Доғар ойды, тый арман мен тілекті!
Қырқылады мұнда қурай, құрақ та,
Оның жаңа өркенін де мол себер;
Мұнда шындық баптарымен өлшенер,
Зұлымдыққа шек жоқ мүлде бірақ та.
Мұнда жатқан күрескерлер негізгі,
Елемес тек негізгі ой, сезімді,
Данте сөзін еске аларсың елеңдей;
Торға түсіп, бұғау батып жаныңа,
Таппақ болсаң одан мақсат, мағына,
Lasciate ognisperanza10 дегендей.





Пікір жазу