24.03.2022
  99


Автор: Тортай Сәдуақас

Нажағай ойнап....

Нажағай ойнап, жарқылдар барлық жүректен,
Қорқасыңдар ма, ертеңнің сендер өртінен,
Бұрқ ете қалар ақиқат ізгі тілек пен,
Бұғауды бұзып, түнектің бұлтын серпіген?
Шошынамысындар, қанды сел жүріп астында,
Қалар деп сенің киелі мекен, қонысың;
Дүлей күш осы бұрқанған отты тасқында,
Етер деп талқан ақыл мен ойдың өрісін?
Шошынба босқа! Қанды апат зиян болмайды,
Ақиқат, шындық, ізгілік үшін шынымен, –
Еркіндік орнап, жаңаша олар толғайды.
Шошынба босқа! Қабатты ғана шіріген,
Қопарар дауыл, жансын деп өмір жалқындап,
Толыссын, толсын, өссін деп шексіз қарқындап.





Пікір жазу