24.03.2022
  139


Автор: Тортай Сәдуақас

СИКСТИН МАДОННАСЫ

Кім айта алар сен құдырет емес деп?
Қай антұрған тебіренбей, түйсінбей,
Қарай алар келбетіңе сүйсінбей,
Көз алдында қас сұлулық елестеп?
 Бейіш гүлі, жебеушісі бәрінің!
Көзінді сал заңғар көктен керемет!
Құдайыңа құлықсыздау, не керек,
Мен де саған басымды идім, тәңірім!
Аруақ, құдай бар ма, жоқ па, елес пе,
Жұмақ, тозақ ол да ертегі емес пе,
Өң мен түстей сен тұрғанда суретте!
Ұмыт болар құдайың да, аруақ та,
Күн де шығып, сен тұрарсың әр уақта,
Ие болып қошемет пен құрметке.





Пікір жазу