24.03.2022
187
ХАЛЫҚ ӘНІ
Тас табытты жарып шыққан сарқырап,
Көз жасындай бұлақ ағып барады,
Күннің нұры төсінде асыр салады,
Ай сәулесі айнадайын жалтырап.
Қайнар-бұлақ сылдыр қағып салады ән,
Төскейде ағар шетсіз-шексіз жолымен;
Көктем көгі құлпыра өсіп сонымен,
Төңірекке жұпар исі тараған.
Елжіреген ел көңілі аумаған,
Сиқырлы үнмен аққан бұлақ белеңде;
Мұңды әнмен де адам жанын баураған;
Бұл қайнардың құпиясы тереңде;
Жүректерде от тұтатар лаулаған,
Тұңғиықтан қайнап шығар өлең де.