24.03.2022
138
ЖАСАМПАЗДЫҚ ЖЫРЫ
Жыр менің – өмірдастаным:
Сырым жоқ одан жасырын;
Туған жоқ сәтте ол қас қағым, –
Азаппен көрген асылым.
Жолында әрбір жиналған, –
Қат-қабат менің өмірім:
Өзегі – жаным қиналған,
Әуезі – ынтық көңілім.
Жырларым әрбір адамға
Жетсін де шерін қозғасын;
Айнымас бір қалыпта (лат.)
Төгілген ыстық бар онда, –
Мөп-мөлдір менің көз жасым.
Көңілдің өзі себебі, –
Сезімтал, шешен пернеше:
Сыр айтып, сөйлеп береді,
Сәл ғана шертіп, тербесе.
Жырменен жақсы, жаман да
Таралып жатсын ұдайы;
Жасайды жырмен әманда, –
Тек қана өмір шынайы!