24.03.2022
91
SEMPER IDEM!
Көк теңізді сағынсаң, Қалма іркіліп қайраңда.
Крест, тұмар тағынсаң, – Бірге үзілсін майданда!..
Бостандық пен шындықты, Жақтап, енгіз салтыңа!
Құртып қулық-сұмдықты, Еркіндікті айт халқыңа!
Ғылымның ап шырағын, Күрес дүлей түнекпен;
Еңбек болып ұраның, Ізгі ой, құрыш білекпен.
Шындық – ерік шын мықты, Артқан одан қай темір?!
Шауып түсер шындықты, Құдырет жоқ әйтеуір!
Адамды өртер мәңгілік, От болмайды, сенбегін.
Тәнін ғана ол жандырып, Жоқ қыла алмас еңбегін!