24.03.2022
  149


Автор: Тортай Сәдуақас

ГИМН

(пролог орнына)
Революционер – рух мәңгілік,
Бастаған тәнді ер іске,
Еркіндік, бақыт, жеңіске,
Өнеге болған жаңғырып.
Түрменің түнек қамалы,
Жендеттің қару-жарағы,
Азап пен көрген сорың да,
Жансыз да жүрген соңыңда;
Арбаған поп та халықты, –
Тыға алмас көрге алыпты.
Өлген жоқ, тірі батыр ол!
Ер жеткен көне ғасырдан,
Азаттық алып ашынған,
Атой сап келе жатыр ол.
Таң атса қайда, күн шығып,
Талпынған сонда құлшынып.
Ұран сап үні кернейлі,
Жүректі миллион тербейді,–
Жаңғырып рухтың жарлығы,
Соңынан ерген барлығы.
Жетеді үні тынбастан:
Шеберханасына ұстаның,
Тағдырдың көрген қыспағын,
Тамдарға қайғы, мұң басқан.
 Үн қатқан оның жерінде,
Тарқайды қайғы-шерің де.
Шарқ ұрған сол күш ұран сап:
Талпынып сен де жүр аңсап;
Жас ұрпақ жақсы үлеске, –
Жетсін деп осы күресте.
Революционер – рух мәңгілік:
Парасат, ғылым, ізгі ойлар.
Түнекті түріп түзге айдар, –
Ерлікке үндер жаңғырып.
Кұлатып құзар тастарды,
Куатты тасқын басталды, –
Бөгет боп мұндай көшкінге,
Тұра алмас енді ешкім де.
Қара түн қандай қамайды,
Атқан бұл таңды арайлы?!.





Пікір жазу