24.03.2022
  96


Автор: Нұрлан Оразалин

Көшеде – аяз…

Көшеде – аяз…
Түн.
Ақпан.
Көңiлде – көктем гүл атқан.
Ашсам да көздi, жұмсам да,
кетпейдi үнiң құлақтан.
Кетпейдi әнiң дiрiлдеп,
егiлiп, жылап кешегi…
Тербейдi жанды бiр үн кеп,
балқытып бойды, көшенi.
Талмаурап сырын жасырған
қадайды көзiн мұңды Айым,
думанды мынау ғасырдан
адасып кеткен бұл қай үн?!
Ән болып тұнық армандай
толқиды мақпал төрде түн,
махаббат жаулап алғандай
аспанның астын, жер бетiн…
ақпан, 1987 жыл.





Пікір жазу