23.03.2022
  169


Автор: Абдрахман Асылбек

Той

Аштық жылы жұбатпақ боп аңдарды,
Арыстан бір той жасауға қамданды.
Жіберіліп жүйрік пенен дүрлері,
Шақырылды меймандар –
Көп аңдар
Үлкен-кіші түрлері.
Арыстанға келіп жатты күнде олар,
Шақырғанда кім қалар?
Той жақсы ғой тоқ жылда да іргелі.
Келді Суыр, Түлкі және Көртышқан,
Кешікті олар сағатқа,
Қонақтармен кезікті тек тамақта.
Ал, Түлкіні сор қысқан,
Ауызы бос емес еді сол тұста;
Суыр суға жығылған,
Тышқан жолдан бұрылған.
Аш қайтуға бәріне де жол қысқа.
Бос орынға – Арыстанның қасына
Тұра ұмтылды үшеуі де асыға.
«Тыңда, достар, – деді Барыс сол жерде, –
Бұл кең орын, емес тіпті сендерге:
Пілге арналған, келе қалса ол егерде,
Таптап кетер, шын қорқыныш төнер де.
Ендеше,
Аштан-аш қап қайтқыларың келмесе,
Босағада қалыңдар,
Құдай ақы, сонда тояр қарындар.
Сендерге емес бұл орын,
Сақталған тек аңдарға ірі пішімді.
Қаламаған кіші аңдар тұрып тамақ ішуді,
Үйінде отыр, білемін».





Пікір жазу