23.03.2022
129
Көкек пен қораз
«Достым Қораз, даусың күшті, мәнді екен!»
«Ал, Көкегім, жарығым,
Сенің үнің созылыңқы, әнді екен,
Сендей әнші орманда жоқ, анығы»,
«Сені, Құда, келер мәңгі тыңдағым».
«Ах, сұлуым, Тәңірім,
Сәл тоқтатсаң, қашар дегбір, сабырым,
Үзбеші әннің ырғағын...
Мұндай дауыс қайдан пайда болады?
Үнді, нәзік, жоғары!...
Әнің әсем, болсаң да өзің кішкентай,
Сен тұрғанда Бұлбұл кім?»
«Рахмет, төкпес сендей күмбірлі үн
Пейіштегі құстар-дағы ешқандай,
Білем, мені барлық құстың қоштарын».
Тыңдап тұрып деді Торғай: «Достарым!
Бір-біріңді мақтай бергін қаншалық,
Әндерің еш жақпаған!»
* * *
Ар-ұяттан аттаған
Көкекті Әтеш мақтаған,
Әтешті ол да мақтаған соң жан салып.