Екі балақай
«Сеня, бізді қойдай қуып тағы да,
Сыныпқа айдап тыққанша,
Жаңғақ жейік барып жеміс бағына».
«Тыңда, Федя, қол емес ол тіпті онша!
Бізге анық көрінгенмен жаңғағы,
Жетпеген соң қолымыз,
Жей алмаймыз оны біз!»
«Онда, достым, қиналамыз неге біз?
Күш жетпесе, ақылмен-ақ жеңеміз.
Ойластырдым, егер сен
Жақын тұрған бір бұтаққа көтерсең,
Ар жағын тез қарастыра қоямыз,
Содан кейін жаңғаққа әбден тоямыз».
Екеуі де жүрістерін өндірді,
Ағашқа кеп, Сеня іске беріліп,
Ырс-ырс етіп, қара терге көміліп,
Федяны ақыр бір бұтаққа қондырды.
Федя біздің еркіндікке жетті енді,
Қол созым жер – алыс емес көк те енді.
Үзіп жей бер – жеміс толы жан-жақта,
Есеп жоқ қой жаңғақта!
Қалауынша теруге де болады,
Жолдасына беруге де болады.
Ал, Сеняға одан пайда тиіп пе:
Көзін сүзіп, ернін жалап босқа тұр.
Федя жаңғақ жинағанмен биікте,
Қабықтарын тастап жатты досқа құр.
* * *
Қарамайтын көңілге,
Федялар көп өмірде.
Дос арқылы шығып ағаш басына,
Дәнегін жеп, сыртын тастар досына.