23.03.2022
  153


Автор: Абдрахман Асылбек

Тиін

Бай үйінде әшекейлеп ойылған,
Терезеге қойылған
Шығырдағы Тиінға
Таңдана жұрт қарады үлкен жиында.
Талда отырған таңданды оған Торғай да:
Аяғына көз ілеспей жүгірді,
Желбіреді құйрығы әсем ондайда.
«Айтшы, көршім, – деді Торғай, – шыныңды,
Не істеп жатсың сен қасқа?»
«Ой, достым-ай, ұзақ күнге қол бос па?
Дәу мырзаға қызмет қылып жүгірем,
Қолым тимей асқа да,
Бір тынбаймын, масқара», –
Тиін қайта зыр айналды шығырмен.
«Қош бол, бауырым, – деді Торғай, – ұғындым,
Бір орында тұрсың сен, мейлің қанша жүгіргін».
* * *
Түсінер шын кей пысыққа үңілген:
Таңдандырып, зыр жүгіріп құйындай,
Бір тынбайды жететіндей мұратқа,
Алға қарай баспайды ісі бірақ та,
Шығырдағы Тиіндай.


 





Пікір жазу