23.03.2022
170
Ит пен ат
Жүретұғын Шаруаның үйінде
Ит Атпенен сөйлесті тар пейілмен:
«Міне, – деді ол, – қожамыз зор күйінде,
Маған қарап, қуса еді ғой сені үйден.
Жасап жүрген ерлігің жоқ түк те артық.
Маған тіпті теңесетін түрің жоқ,
Мен байқұста күні-түні тыным жоқ:
Күндіз қарап табынына даланың,
Түнде үйді бағамын».
«Рас, – деді Ат со жерде, –
Сайрадың-ақ оңды сен.
Мен жүк тартып, жер жыртпасам егерде,
Осы үйде боп, күзетер ең неңді сен?»