Бiр жаңа жыр....
Бiр жаңа жыр «шыр» етсе жөргектегi,
бас көтерер бiр сұмдық жер-көктегi;
ақылыма сыймайды қанiшердi
аналардың бесiкте тербеткенi.
Бiр жаңа әуен шырқалса Ай аманда,
бiр қылмысын уақыт жаяды алға…
Ақыл-естен айрылған мәңгүрттерiң
Анасын да,
Даласын аяған ба?!.
Арсыз жандар аямас еш пендесiн,
өксiп-өксiп замандар өшкен, досым.
Әлдекiмдер түршiксе қанды көрiп,
әлдекiмдер түгендер көшкен қосын…
Қайырмақ боп күндерiн «есе кеткен»,
тұншығуда теңселiп көше, көктем.
Ашынғандар дауысы аспан кезiп,
Жүректерде:
Кек…
Ыза…
Кешегi өткен…
Қайғы, шерi халықтың күйiк атып,
тұншығуда ой-көлге жиi батып;
мәңгүрттерiн қорғаған замананың
сұм мiнезi сыймайды миыма түк.
Бiр жаңа жыр «шыр» етсе жөргектегi,
бас көтерер бiр сұмдық жер-көктегi;
ақылыма қонбайды қанiшердi
аналардың бесiкте тербеткенi…
наурыз, 1987 жыл.